Samsung GT-S3572 Manuel d'utilisateur

Naviguer en ligne ou télécharger Manuel d'utilisateur pour Smartphones Samsung GT-S3572. Samsung GT-S3572 руководство пользователя [en] [it] Manuel d'utilisatio

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 2
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 0
Printed in Korea
GH68-37081G
Kazakh. 12/2012. Rev. 1.1
GT-S3572
Ұялы телефон
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Осы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың бағдарламалық
құралға немесе қызметті жеткізушіге қатысты өзгеше болуы
мүмкін.
Үшінші тарап кез келген уақытта тоқтатылуы немесе үзілуі
мүмкін және Samsung қандай да бір мазмұнның немесе
қызметтің қандай да бір уақыт кезеңі үшін қол жетімді
болатынына кепілдік бермейді.
Бұл өнім белгілі бір тегін/ашық бағдарламалық құралды
қамтиды. Лицензиялардың, кепілдіктен бас тарту
мәлімдемелердің, ресми хабарландырулардың және
ескертулердің шарттары Samsung компаниясының
opensource.samsung.com веб-сайтында қол жетімді.
www.sar-tick.com
Бұл бұйым 2,0 Вт/кг туралы
қолданыстағы мемлекеттік МСН
шектеулеріне сәйкес келеді. МСН
көрсеткішінің ең үлкен шамаларын осы
нұсқаулықтың Меншікті сіңіру нормасы
(МСН) куәлігі туралы ақпарат бөлімінен
табуға болады.
Бұйымды алып жүргенде немесе
денеңізге тағып алып пайдаланғанда,
радиожиіліктен қорғану талаптарын
орындау үшін денеден 1,5 см алыс
ұстаңыз.
Ескерту: Электр тоғының соғуына, өрттің шығуына және
жарылуға жол бермеңіз
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз
немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз
Электр шнурына су қолдарыңызбен тиіспеңіз немесе зарядтағышты
шнурынан тартып ажыратпаңыз
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Зарядтап жатқан кезде құрылғыңызды пайдаланбаңыз немесе
құрылғыңызға су қолдарыңызбен тиіспеңіз
Зарядтағышты немесе батареяны қысқа тұйықтамаңыз
Зарядтағышты не батареяны түсіріп алмаңыз немесе оларға соққы
келтірмеңіз
Өндіруші мақұлдамаған зарядтағыштармен батареяны зарядтамаңыз
Найзағай кезінде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
Құрылғыңыз дұрыс істемеуі мүмкін, соның салдарынан электр тогының соғу қаупі
артады.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны
қолданбаңыз
Литий ион батареяларын қоқысқа қауіпсіз жолмен тастау үшін жергілікті өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ұялы құрылғыңызға дұрыс күтім жасау және пайдалану
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
Ылғал мен сұйықтықтардың барлық түрі құрылғының бөлшектерін немесе
электрондық схемаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы болса, оны
өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы өшпесе немесе батареясын
шығара алмасаңыз, сол қалпында қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды
орамалмен кептіріп, оны қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін белгінің түсін
өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған жағдайда өндірушінің кепілдігі
жарамсыз болады.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын
жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне және өртке
немесе электр тоғының соғуына себеп болады.
Құрылғыңызды еңкейіп тұрып пайдаланбаңыз
Егер құрылғыңыз түсіп кетсе, ол зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде сақтамаңыз.
Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура арасында пайдалану
ұсынылады
Құрылғыны көлік ішінде қалдырсаңыз және ішкі температура 80 °C шамасына
жетсе, құрылғыңыз жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік басқару панелінде)
ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Батареяны 0° C - 45° C аралығындағы температурада сақтаңыз.
Құрылғыңызды монеталар, кілттер және алқа сияқты металл
бөлшектермен бірге сақтамаңыз
Құрылғыңыздің пішіні өзгеруі немесе істемей қалуы мүмкін.
Егер батарея терминалдары металл заттарға тиіп тұрса, өрттің шығуына себеп
болуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті өрістерден
зарядсыздануы мүмкін.
Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон карталары,
банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті өрістер әсерінен
зақымдалуы мүмкін.
Магниттік ілмектері бар жүк кейстерін немесе жабдықтарды пайдаланбаңыз
және құрылғыңызды магниттік өрістің ықпалында ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің,
ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары қысымды
контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
Батарея ағып кетуі мүмкін.
Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Радио толқынға шығару қағидалары меншікті сіңіру нормасы немесе МСН деген
өлшем бірлігін пайдаланады. Ұялы құрылғыларға арналған МСН шегі
2,0 Вт/кг болады.
МСН тексерулері барлық тексерілген жиілік ауқымдарында ең жоғарғы
куәландырылған қуат деңгейімен жіберетін құрылғымен стандартты жұмыс күйлері
арқылы жүзеге асады. Бұл құрылғы моделіне арналған ICNIRP қағидалары
бойынша ең жоғарғы МСН мыналар:
Осы модельге арналған максималды МСН және жазылған жағдайлар
Бас МСН 0,536 Вт/кг
Денеге тағылатын МСН 0,404 Вт/кг
Пайдалану кезінде бұл құрылғыға арналған нақты МСН мәндері әдетте жоғарыда
көрсетілген мәндерден біраз төмен болады. Мұның себебі - жүйенің тиімділігі
мақсатымен және желіге кедергіні азайту үшін қоңырауға толық қуат қажет
етілмегенде ұялы құрылғыңыздың жұмыс қуаты автоматты түрде төмендейді.
Құрылғының қуат өнімділігі неғұрлым төмен болса, оның МСН мәні де соғұрлым
төмендейді.
Денеге тағылған SAR сынағы бұл құрылғыда 1,5 см арақашықтықта орындалды.
Денеге таққан кезде радиожиіліктен қорғану нұсқауларын сақтау үшін құрылғыны
кемінде денеден 1,5 см алыс ұстау керек.
Егер адамдар сымсыз құрылғының әсер деңгейін азайтуды ойлайтын болса, бүкіл
дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы және АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек
сапасын қадағалайтын ұйымы сияқты ұйымдар сымсыз құрылғыны пайдалану
барысында бастан және денеден қашық ұстау немесе құрылғыны пайдалануға
жұмсалған уақытты азайту үшін хендсфри құралын пайдалануды ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін, www.samsung.com/sar
торабына кіріп, құрылғыңызды үлгі нөмірі бойынша іздеңіз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік және Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Жеке жиынтық жүйелері бар елдерге қол жетімді)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе қосымша әдебиеттегі осы
таңба өнімнің және оның электрондық керек-жарақтарының (мысалы,
зарядтағыш құрылғысының, құлақ аспабының, USB кабелінің)
қызмет мерзімі аяқталғанда басқадай тұрмыстық қалдықтармен бірге
тасталмауы қажеттігін білдіреді.
Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі мүмкін
бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың
басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған
ортаға залалы тимейтіндей қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге жіберу үшін осы
элементтерді қайдан және қалай алу жолдарын оны сатып алған сауда орнына
немесе жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен байланысып,
сатып алу келісім-шарттарының шарттары мен ережелерін тексеруі тиіс. Осы өнім
және оның электрондық керек-жарақтары, жоюға арналған басқа коммерциялық
қалдықтармен араласпауы тиіс.
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Жеке жиынтық жүйелері бар елдерге қол жетімді)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл таңба бұл
өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің соңында басқа тұрмыс
қалдықтарымен бірге жойылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген
жердегі Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы сынап, кадмий
немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы көрсетілген деңгейден
асып түсетіндігін білдіреді.
Егер батарея тиісінше жойылмаған болса, бұл заттар адам денсаулығы немесе
қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін.Табиғи ресурстарды қорғау үшін және
материалдық қайта пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа қоқыс
түрлерінен ажыратып алыңыз және жергілікті, тегін батареяларды қайтару жүйесі
арқылы қайта пайдаға асырыңыз.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне
сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет
пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді.
Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық
код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының
белгісімен толықтырылуы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы
тигізбеңіз
Құрылғыңыздың экраны зақымдалуы мүмкін.
Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей
қалуы мүмкін.
Құрылғы шамадан тыс қызып кетсе, құрылғы мен қосымшаларды
біраз уақыт пайдаланбай қоя тұрыңыз
Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы әсер етсе, қызыл
дақтар немесе пигменттер сияқты төменгі температура күйігі белгілері пайда
болады.
Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, жарқылды
адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын пайдаланбаңыз
Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы немесе көздеріне
зиян келуі мүмкін.
Жарқыраған жарыққа шыққанда сақтық шараларын пайдалану
Құрылғыңыз пайдаланылғанда, бөлмеде біраз жарық қалдырыңыз және экранды
көзіңізге қатты жақын ұстамаңыз.
Бейнелерді көріп отырғанда немесе жарыққа негізделген ойындарды ұзақ уақыт
ойнағанда жарқыраған жарыққа шықсаңыз, тұрып қалуы немесе бұлыңғырлануы
мүмкін. Егер қолайсыздықты сезінсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден
тоқтатыңыз.
Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың тәуекелін азайту
Пернелерді басу, экранда таңбалардың суретін саусақтарыңызбен салу сияқты
әрекеттерді қайталап орындағанда, қолдарыңызда, мойныңызда, иықтарыңызда
немесе денеңіздің басқа бөліктерінде ыңғайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны
ұзақ уақыт пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз,
сосын жиі үзіліс жасаңыз. Егер осылайша пайдаланғанда немесе одан кейін сізге
ыңғайсыз бола берсе, пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы жарамдылығына көз
жеткізіңіз
Батареяны тиісті мерзімінен ұзақ зарядтау оның жарамдылық уақытын
қысқартады, сондықтан батареяларды бір аптадан артық зарядтауға болмайды.
Уақыт өтісімен пайдаланусыз жатқан батареялар зарядын жоғалтуы мүмкін,
сондықтан оларды пайдаланар алдында зарядтау керек.
Пайдаланылмай тұрғанда зарядтағыштарды қорек көзінен ажыратыңыз.
Батареяларды тек арналған мақсаттарына пайдаланыңыз.
Өндіруші бекіткен батареяларды, зарядтағыштарды, аксессуарларды
және керек-жарақтарды пайдаланыңыз
Жалпы батареяларды не зарядтағыштарды пайдалану құрылғыңыздың өмірін
қысқартуы немесе құрылғының дұрыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды не керек-
жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыны не батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
Ол құрылғыны зақымдауы немесе жарылуына себеп болуы мүмкін.
Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып
отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы құралдарды
көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз
Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Құрылғыға сөйлеген кезде:
Кәдімгі телефонды пайдаланып тұрғандай, құрылғыны тігінен ұстаңыз.
Микрофонға тікелей сөйлеңіз.
Құрылғының ішкі антеннасын түртпеңіз. Бұлай істеу қоңырау сапасының
төмендеуіне немесе құрылғының шамадан тыс деңгейлердегі радио жиілігі (РЖ)
қуатын шығаруына себеп болуы мүмкін.
Ішкі антенна
Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және
құлақтарыңызды қорғаңыз
Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту қабілетінің
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Жүріп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару назарыңызды
аударып, апатқа алып келуі мүмкін.
Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс
қаттылығын әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін немесе
музыканы етуге қажетті төменгі дыбыс қаттылығы деңгейін
пайдаланыңыз.
Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы гарнитурада
пайда болуы мүмкін. Құрғақ жерлерде гарнитураларды
пайдаланбаңыз немесе гарнитураны құрылғыға қосардың
алдында статикалық электр тогын зарядсыздандыру үшін
металл затқа тигізіңіз.
Жүргізу немесе көлікте болғанда гарнитураны
пайдаланбаңыз. Бұлай істеу алаңдатуы және апатқа әкелуі
мүмкін немесе сізідң аймаққа байланысты заңсыз болуы
мүмкін.
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда сақтық
шараларын пайдаланыңыз
Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы жағдайларды
біліп отырыңыз.
Гарнитура кабелінің қолдарыңызда немесе жақын нысандарда шатасып
қалмайтынына сенімді болыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
Сізге зиян келтіруі немесе құлап кетсеңіз, құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе жөндемеңіз
Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің кепілдігін
жарамсыз етеді. Жөндету үшін құрылғыңызды Samsung қызмет көрсету
орталығына алып барыңыз.
Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны бөлшектемеңіз
немесе теспеңіз.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз
Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп, дұрыс жұмыс
істеуіне жол бермеуі мүмкін. Егер өнімнің бояуына немесе металл бөлшіктеріне
аллергияңыз болса, теріңіздің қышуы немесе ісуі мүмкін. Ондай болған жағдайда,
өнімді пайдалануды тоқтатып, дәрігерден ақыл-кеңес алыңыз.
Құрылғыңызды тазалаған кезде:
Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.
Батареяның терминалдарын мақтамен не сүлгімен тазалаңыз.
Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз.
Экран сызылған немесе сынған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа
пайдаланбаңыз
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын мазаламаңыз
Балаларға құрылғыңызды пайдалануға рұқсат етпеңіз
Құрылғыңыз ойыншық емес. Балаларға онымен ойнауға рұқсат етпеңіз, себеб олар
өздерін және басқаларды ұруы, құрылғыны зақымдауы немесе қоңырау шалып,
шығын келтіруі мүмкін.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға қатысты
жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыңызды және оның аксессуарларын көліктің қауіпсіздік жастығы
орналасқан жердің жанына немесе үстіне қоймаңыз. Қауіпсіздік жастығы бірден
желге толып кеткен жағдайда дұрыс орнатылмаған сымсыз жабдық ауыр
жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан құрылғыңыз
зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай қалады.
SIM карталарын немесе жад карталарын ұқыпты пайдалану
Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап жатқан кезде картаны
шығарып алуға болмайды, себебі бұл әрекет деректердің жойылуына және/
немесе картаның немесе құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа
құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды немесе металл
заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда немесе
жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс аясынан тыс
немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында төтенше қызмет
қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін жоспарлаңыз.
Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау
Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасап
қойыңыз. Samsung деректердің жоғалуына жауапты емес.
Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің сақтық
көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға жол бермеу үшін
құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына келтіріңіз.
Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын мұқият оқыңыз. Көптеген
функцияларды немесе жеке ақпаратыңыздың көп бөлігін пайдалану мүмкіндігін
беретін бағдарламалармен аса мұқият болыңыз.
Есептік жазбаларыңызды жиі тексеріп отырыңыз: рұқсатсыз немесе
сенімсіз кіру жағдайларынан сақтаныңыз. Жеке ақпаратыңыздың дұрыс
қолданылмағанын байқасаңыз, қызмет жеткізушісіне хабарласып, есептік жазба
ақпаратын жойыңыз немесе өзгертіңіз.
Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін есептік
жазбалардың құпия сөздерін ауыстырыңыз.
Танымайтын көздердің бағдарламаларын пайдаланбаңыз, құрылғыны
өрнекпен, құпия сөзбен немесе PIN кодымен құлыптаңыз.
Авторлық құқықпен қорғалған мтериалды таратпаңыз
Жазып алған, бірақ авторлық құқықпен қорғалған материалды басқаларға мазмұн
иелерінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы
заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған материалды
пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған құқықтық мәселелерге
жауапты емес.
Меншікті сіңіру нормасы (МСН) куәлігі туралы ақпарат
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРҒА ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ
Ұялы құрылғыңыз радио таратқыш және қабылдағыш болып табылады. Ол
халықаралық қағидалар бойынша ұсынылған радио толқындарға (радио жиілікті
электромагнитті өрістерге) шығару шектерінен аспауға арналған. Бұл қағидаларды
тәуелсіз ғылыми ұйым (ICNIRP) әзірлеген және оларға жасы мен денсаулығына
қарамастан барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған негізгі
қауіпсіздік шегі кіреді.
Батареялары мен заряд құрылғыларын күтіммен пайдаланыңыз
және дұрыс тәртіппен тастаңыз
Құрылғыңызға арналып жасалған және тек Samsung корпорациясы бекіткен
батареялар мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін батареялар
мен зарядтағыштарды пайдалану құрылғыңыздың қатты зақымдануына немесе
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Батареяларды не құрылғыларды ешқашан отқа тастамаңыз. Пайдаланылған
батареяларды немесе құрылғыларды тастаған кезде барлық жергілікті
ережелерді сақтаңыз.
Батареяларды немесе құрылғыларыңызды ешқашан жылыту құрылғыларының,
мысалы, қысқа толқынды пештердің, духовкалардың немесе жылыту
радиаторларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Қызып кеткен батарея
жарылуы мүмкін.
Батареяны ешқашан бұзбаңыз немесе теспеңіз. Батареяларды сыртқы жоғары
қысым әсерінен қорғаңыз, бұл ішкі қысқа тұйықталу және қызып кету қауіпіне
әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяларды және зарядтағыштарды зақымданудан
қорғаңыз
Құрылғыңызды және батареяларды өте суық немесе өте ыстық
температураларға шығармаңыз.
Шамадан тыс температуралар құрылғы пішінінің өзгеруіне себеп болып, заряд
сыйымдылығын және құрылғыңыз бен батареялардың пайдаланылу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Батареяларды металл заттарға тигізбеңіз, себебі бұл заттар батареяларыңыздың
+ және – терминалдары арасында байланыс тудырып, батареялардың уақытша
немесе тұрақты зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз: Құрылғыңызды шектеулі аумақтарда
пайдаланған кезде барлық қауіпсіздік ескертулері мен
ережелерін сақтаңыз
Құрылғыңызды тыйым салынған жерлерде өшіріп қойыңыз
Белгілі бір аумақта ұялы құрылғыны пайдалануды шектейтін ережелердің барлығын
сақтаңыз.
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында
пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын пайдаланады.
Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды электр кардиостимулятордың жанында
пайдаланбаңыз
Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен, құрылғыны электр
кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см ауқымында пайдаланбаңыз.
Егер құрылғыңызды пайдалану керек болса, электр кардиостимулятордан
кемінде 15 см алыс тұрыңыз.
Электр кардиостимуляторға келетін кедергіні мүмкіндігінше азайту үшін
құрылғыңызды электр кардиостимуляторға қарама-қарсы тұрған құлағыңызға
пайдаланыңыз.
Құрылғыңызды ауруханада немесе радио жиілік арқылы кедергі
келтіруі мүмкін медициналық жабдық жанында пайдаланбаңыз
Егер кез келген медициналық жабдықты жеке пайдалансаңыз, жабдықтың радио
жиіліктен қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін жабдық өндірушісіне хабарласыңыз.
Егер есту құрылғысын пайдалансаңыз, радио сигнал кедергісі
туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз
Кейбір есту құрылғыларына құрылғыңыздың радио жиілігі кедергі келтіруі мүмкін.
Есту құрылғысының қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін өндірушіге хабарласыңыз.
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
Батареяны алғанша, құрылғыңызды жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз.
Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді, нұсқауларды және
белгілерді орындаңыз.
Құрылғыны жанармай толтыру орындарында (қызмет көрсету стансаларында)
немесе жанармайдың немесе химиялық заттардың жанында пайдаланбаңыз,
және жарылғыш облысы.
Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғы,
оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар жерде сақтамаңыз немесе
орналастырмаңыз.
Құрылғыңызды ұшақта сөндіріп қойыңыз
Құрылғыңызды ұшақта пайдалану заңға қайшы. Құрылғыңыз ұшақтың электрондық
навигациялық құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Автокөліктің электрондық құрылғылары құрылғыңыздың радио
жиілігінен дұрыс істемеуі мүмкін
Көліктің электрондық құрылғылары құрылғыңыздың радио жиілігінен дұрыс істемеуі
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.
Көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны пайдалануға
қатысты барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін
сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады. Заңмен тыйым
салынса, көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз. Өзіңіз бен
басқалардың қауіпсіздігі үшін жақсылап жаттығып алып, төмендегі кеңестерді
есіңізде ұстаңыз:
Құрылғыңызбен және жылдам теру және қайта теру сияқты қолайлы
мүмкіндіктерімен танысыңыз. Бұл мүмкіндіктер ұялы құрылғыңызда қоңырауды
күттіруге қоюға немесе қабылдауға қажетті уақытты азайтуға көмектеседі.
Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Көзіңізді жолдан алмай, сымсыз
құрылғыға ауысуға болады. Егер келген қоңырауды қолайсыз уақытта
қабылдасаңыз, дауысты поштаға оған сіз үшін жауап бергізіңіз.
Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы жағдайларында
сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ, қар, мұз және қиын жол
қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
Телефон нөмірлерін жазбаңыз немесе іздемеңіз. Әдістерін жазып алу немесе
мекенжай кітапшасын қарап шығу негізгі көлікті қауіпсіз жүргізу міндетінен
назарыңызды аударады.
Қолайлы кезде теріп, жол қозғалысына өтіңіз. Қозғалмай тұрғанда немесе
орныңыздан қозғалмас бұрын қоңырауларды қойыңыз. Автокөлік тоқтап тұрған
кезде қоңырауларды жоспарлап көріңіз.
Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық әңгімелерден аулақ
болыңыз. Сөйлесіп келе жатқан адамдарға көлік жүргізіп келе жатқаныңызды
білдіртіп, назарыңызды жолдан аударатын әңгімелесулерді тоқтата тұрыңыз.
Құрылғыңызды көмек шақыру үшін пайдаланыңыз. Өрт, жол-көлік оқиғасы
болған немесе медициналық көмек қажет болған жағдайларда жергілікті
төтенше қызмет нөмірін теріңіз.
Төтенше жағдайларда басқаларына көмектесу үшін құрылғыңызды
пайдаланыңыз. Егер жол-көлік оқиғасын, қылмыстық оқиғаны немесе адам
өмірлері қауіп-қатерге түскен күрделі төтенше жағдайды көрсеңіз, жергілікті
төтенше қызмет нөміріне хабарласыңыз.
Қажет болған кездерде жол жанындағы көмек немесе арнайы, төтенше
емес көмек қызметі нөміріне хабарласыңыз. Егер күрделі қауіп-қатер алып
келмейтін бұзылып тұрған көлікті, көліктің бұзылып тұрғаны туралы белгіні,
ешкім жарақаттанбаған жеңіл жол-көлік оқиғасын немесе білетін көлігіңіздің
ұрланғанын көрсеңіз, жол жанындағы көмек немесе басқа арнайы, төтенше
емес қызмет нөміріне хабарласыңыз.
Сақтандыру шаралары
Құрылғыңызды пайдаланбас бұрын өзіңізді және басқаларды жарақаттап алмау немесе құрылғыңызға зақым келтірмеу үшін төмендегі ақпараттың барлығын оқып шығыңыз.
Телефон басқару жүйесінің орналасуы
www.samsung.com
1
Дыбыс деңгейі пернесі
Күту режимінде, телефонның
дыбыс деңгейін реттеңіз;
жалған қоңырау шалыңыз;
SOS хабарын жіберу
«Жалған қоңыраулар шалу»
бөлімін қараңыз
«SOS хабарламасын қосу
және жіберу» бөлімін қараңыз
2
Теру пернесі
Қоңырау шалу немес жауап
беру; Күту режимінде соңғы
терілген, қабылданбаған
немесе қабылданған
нөмірлерді алыңыз
3
Желі қосу пернесі
Күту режимінде, SIM карта
желілері арасында ауыстыру
4
QWERTY пернетақтасы
5
Функциялық пернелер
Дисплейдің төменгі жағында
көрсетілген әрекеттерді
орындау
6
«Қуат/Аяқтау» пернесі
Телефонды қосу және
өшіру (басып, ұстап
тұрыңыз); Қоңырауды
аяқтау; Қоңырауды аяқтау;
Мәзір режимінде, енгізуді
болдырмау және Күту
режиміне оралуҚоңырауды
аяқтаңыз
7
Сөйлесуді ҚОСУ пернесі
Глобалды мобильді байланыс
қызметін пайдалану үшін күту
режимінде “Сөйлесуді ҚОСУ”
тармағына кіріңіз
8
Оптикалық трекпад
Мәзір опцияларын (апару)
айналдырыңыз; Күту
режимінде Мәзір күйіне
кіріңіз (басыңыз); Мәзір
күйінде ерекшеленген мәзір
параметрін таңдаңыз немесе
енгізуді растаңыз (басыңыз)
5
2
3
1
4
8
6
7
Көшпелі абоненттік радиостанция (Ұялы телефон)
Samsung GT-S3572
Желі ішінде көшпелі радиотелефонды байланыс стандарттары жұмысына арналған
GSM 850/900/1800/1900
Көлемі (Ұ/Е/Т):
111.9 x 60.4 x 11.5 мм
1 Аккумулятор*:
Стандартты. Li-Ion, 1000 mAh
Тауардың қызмет көрсету мерзімі: 3 жылға дейін.
Басты пайдаланушылық сипаттама:
Жұмыс диапазондары GSM 850/900/1800/1900
GPRS/EDGE
Екі SIM картаны қолдау қызметі(Dual SIM)
TFT - дисплейі, 2,4" диагоналды (240x320 пиксель)
2 Мпикс камерасы, бейне ролик жазу функциясымен
FM-радио
Жад картасына арналған слот microSD 16 Гб дейін
MP3-плеер
JAVA
Samsung Apps
SMS, MMS, E-mail хабарламалар, IM-клиент
USB 2.0, Bluetooth 3.0
*Аккумулятордың жұмыс уақыты ұялы желі конфигурациясына,
станциялық базаға дейінгі қашықтықтан, SIM-карта түрінен, жердің рельефінен жəне т.б байланысты.
Қазақстан Республикасының аймағында пайдаланушылардың арыздарын қабылдайтын мекеме
ЖШС "Самсунг Электроникс КЗ энд Централ Эйжа"
Қазақстан Республикасының аймағында пайдаланушылардың арыздарын қабылдайтын мекемесінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050000, Наурызбай Батыр к-сі, 31, 6-7 қабат
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жыл
Кепіл кепілдік талон шарты бойынша беріледі
Тауар Сертификатталған
Өндіруші
Самсунг Электроникс Ко.Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы
Корея, Кёнги провинциясы, Сувон, 443-742
416, Маетан-3Донг, Ёнгтонг-Гу
Зауыттардың мекен-жайы:
1. "Самсунг Электроникс Ко., Лтд", 94-1, Имсо-Донг, Гуми-Сити, Кунг-Бак, Корея, 730-350
2. "Тянжин Самсунг Телеком Технолоджи Ко., Лтд", Вейву Роад, Микроэлектроникс Индастриал Парк ТЕДА, Ксиквин Дистрикт Тянжин 300385, Қы
3. "Самсунг Электроникс Хуижоу Ко., Лтд.", Ченжианг таун, Хуижоу, Гуангдонг провинциясы, Қытай
4."Самсунг Электроникс Вьетнам Ко., Лтд.", Йенпхонг Ай, Йентранг Комьюн Өнеркəсіптік паркі,
Йенпхонг округі, Бэкнинх провинциясы, Вьетнам
Абонентская радиостанция носимая (мобильный телефон)
Samsung GT-S3572
предназначена для работы в сетях подвижной радиотелефонной связи стандартов
GSM 850/900/1800/1900
Размеры (В/Ш/Г):
111.9 x 60.4 x 11.5 мм
1 Аккумулятор*:
Стандартный, Li-Ion, 1000 mAh
Срок службы товара: 3 года
Краткие характеристики:
Рабочие диапазоны GSM 850/900/1800/1900
GPRS/EDGE
Работа с двумя SIM картами(Dual SIM)
TFT-дисплей, диагональ 2,4" (240x320 пикселей)
5 Мпикс камера с возможностью записи видеороликов
FM-радио
Слот для карт памяти microSD до 16 Гб
MP3-плеер
JAVA
Samsung Apps
SMS, MMS, E-mail сообщения, IM-клиент
USB 2.0, Bluetooth 3.0
*время работы аккумулятора зависит от конфигурации сотовой сети,
расстояния до базовой станции, типа SIM-карты, рельефа местности и т.п.
Организация, принимающая претензии на территории Республики Казахстан:
ТОО "Самсунг Электроникс КЗ энд Централ Эйжа"
Адрес организации, принимающей претензии на территории Республики Казахстан:
Республика Казахстан, Алматы, 050000, ул. Наурызбай Батыра, 31, 6-7 этаж
Cрок службы: 3 года
Гарантия предоставляется в соответствии с условиями гарантийного талона
Товар Сертифицирован
Изготовитель:
Samsung Electronics Co.Ltd.
Адрес изготовителя:
Корея, провинция Кёнги, Сувон, 443-742
416, Маетан-3Донг, Ёнгтонг-Гу
Адреса заводов:
1. "Самсунг Электроникс Ко., Лтд", 94-1, Имсо-Донг, Гуми-Сити, Кунг-Бак, Корея, 730-350
2. "Тянжин Самсунг Телеком Технолоджи Ко., Лтд", Вейву Роад, Микроэлектроникс Индастриал Парк ТЕДА, Ксиквин Дистрикт Тянжин 300385, Кит
3. "Самсунг Электроникс Хуижоу Ко., Лтд.", Ченжианг таун, Хуижоу, провинция Гуангдонг, Китай
4.'Самсунг Электроникс Вьетнам Ко., Лтд.', Промышленный парк Йенпхонг Ай, Йентранг
Комьюн, округ Йенпхонг, провинция Бэкнинх, Вьетнам
.O.02.0072
Vue de la page 0
1 2

Résumé du contenu

Page 1 - Пайдаланушы

Printed in KoreaGH68-37081GKazakh. 12/2012. Rev. 1.1GT-S3572Ұялы телефонПайдаланушы нұсқаулығыОсы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың бағдарламалық

Page 2 - Еуропалық Одақтағы өкіл

Саяхат адаптерін ажыратпайынша, батареяны • телефоннан шығармаңыз. Әйтпесе телефон зақымдалуы мүмкін.Қуат үнемдеу үшін адаптерді • пайдаланылмайтын ке

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire