Samsung GT-I8190 Manuel d'utilisateur Page 109

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 116
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 108
109
Ақаулықтарды жою
Құрылғыны қосқанда немесе құрылғыны пайдаланып жатқанда,
ол келесі кодтардың біреуін енгізуді сұрайды:
•
Құпия сөз: құрылғыны құлыптау мүмкіндігі іске қосылған кезде, сіз құрылғы үшін
орнатылған құпия сөзді енгізуіңіз керек.
•
PIN: құрылғыңызды алғаш қолданар алдында немесе PIN кодының талабы іске қосылған
кезде сіз SIM немесе USIM картасымен бірге берілген PIN кодын енгізуіңіз керек. Бұл
мүмкіндікті SIM картасын кілттеу мәзірін пайдалана отырып өшіруге болады.
•
PUK: сіздің SIM немесе USIM картаңыз бұғатталса, әдетте бұл PIN кодыңызды бірнеше
мәрте дұрыс енгізбегендіктен болады. Сіз қызмет провайдеріңіз берген PUK кодын
енгізуіңіз керек.
•
PIN2: PIN2 кодын қажет ететін мәзірге қол жеткізгенде, SIM немесе USIM картасымен
бірге берілген PIN2 кодын енгізу керек. Мәліметтерді алу үшін қызмет көрсетушіге
хабарласыңыз.
Құрылғыны желілік немесе қызмет қатесі туралы хабарларды
көрсетеді
•
Сигналдар әлсіз немесе қабылдау нашар аумақтарда болғанда қабылдау жоғалуы
мүмкін. Басқа аумаққа жылжып, әрекетті қайталаңыз.
•
Жазылымсыз кейбір опцияларға қол жеткізу мүмкін емес. Мәліметтерді алу үшін қызмет
көрсетушіге байланысыңыз.
Сенсорлық экран баяу немесе дұрыс емес жауап береді
Егер құрылғыда сенсорлық экран бар болса және сенсорлық экран дұрыс жауап бермей
жатса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:
•
Сенсорлық экраннан қандай да қорғағыш қаптамаларды алыңыз. Қорғағыш қаптамалар
құрылғының енгізулерді тануына кедергі жасауы мүмкін және сенсорлық экран
құрылғылары үшін ұсынылмайды.
•
Сенсорлық экранды түрткенде қолдарыңыз таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңз.
•
Барлық уақытша бағдарлама қетелерін жою үшін құрылғыны қайта іске қосыңыз.
•
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасы соңғы нұсқаға дейін жаңартылғанына көз
жеткізіңіз.
•
Сенсорлық экран сызылса немесе зақымданса, Samsung сервис орталығына алып
барыңыз.
Vue de la page 108

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire