Samsung GT-E1225T Manuel d'utilisateur

Naviguer en ligne ou télécharger Manuel d'utilisateur pour Smartphones Samsung GT-E1225T. Samsung GT-E1225T руководство пользователя Manuel d'utilisatio

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 2
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 0
Сақтандыру шаралары
Құрылғыңызды басқа адамдар төтенше жағдайға тап болғанда
қолданыңыз. Апат болса, қылмыс болып жатса, немесе адам
жанына қауіп төнген жағдайларда жергілікті жедел қызмет шақыру
телефонына хабарласыңыз.
Қажет жағдайда жолдағы техникалық көмек немесе арнай көмек,
апаттық емес көмек нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Аса қаупі жоқ
бұзылған машина, зақымдаған жол белгісін, жараланған адамдары
жоқ апатты немесе ұрланған машинаны көрсеңіз техникалық көмек
немесе арнайы көмек, апаттық емес көмек нөмірлеріне қоңырау
шалыңыз.
Ұялы телефонды тиісті қолдану
Құрылғыны құрғақ күйінде сақтаңыз
Ылғалдылық және сұйықтың барлық түрі құрылғының бөлшектеріне
немесе электронды схемасына зиян келтіруі мүмкін.
Ылғалды кезде телефонды қоспай батареяны алып тастаңыз.
Құрылғыны матамен кептіріп, қызмет орталығына апарыңыз.
Сұйықтық құрылғының іші сумен бұзылғанын көрсететін тақтайшаның
түсін өзгертеді. Су тиіп зақымдалған телефон өндірушінің кепілдігін
жарамсыз етеді.
Телефонды лас және шаң жерлерде сақтамаңыз
Шаң құрылғыңыздың дұрыс жасамауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Құрылғыңызды еңіс жерде ұстамаңыз
Құрылғыңыз құласа оған зақым келуі мүмкін.
Құрылғыңызды ыстық және суық жерлерде ұстамаңыз.
Құрылғыңызды -20 °C тан 50 °C дейін температурада ұстаңыз
Құрылғыңыз жабық машина ішінде қалса жарылуы мүмкін,
өйткені машина ішіндегі температура 80 °C баруы мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы құрылғыңызды күн сәулесіне тікелей қоймаңыз
(мысалы машинаның алдыңғы панелі).
Батареяны 0 °C тан 40 °C дейінгі аралықта сақтаңыз.
Телефоныңызды тиындар, кілттер және моншақ сияқты
темір заттармен бірге ұстамаңыз
Құрылғыңыз зақымданып дұрыс жасамауы мүмкін.
Егер батарея терминалдары темір заттармен үйкелсе, өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнит өрісі маңында ұстамаңыз
Құрылғыңыз істен шығуы мүмкін немесе батарея магнит өрісінен
заряд шығару мүмкін.
Магнитты жолақты карточкаларына, кредит карточкасы, телефон
карточкасы, банк есеп шот кітабы және рұқсаттама карточкаларын
қосқанда магнит өрісінен зақым келуі мүмкін.
Магниттік жапқыштары бар қалташаларды немесе аксессуарларды
пайдаланбаңыз немесе телефоныңызды ұзақ уақытқа магниттік
өрістермен байланыста қалдырмаңыз.
Құрылғыңызды пештер, қысқа толқынды пештер, ыстық
жабдықтардың маңында немесе жоғары қысымды
контейнерлерде ұстамаңыз
Батарея ағып кетуі мүмкін.
Құрылғыңыз қызып кетіп өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыңызды құлатпаңыз немесе әсер тудырмаңыз
Телефонның бейнебеті зақымдалуы мүмкін.
Егер майысып пішіні өзгерсе құрылғы зақымдалуы немесе
бөлшектері дұрыс жасамауы мүмкін.
Жарықты адам немесе жануар көзіне тақамаңыз
Жарықты көзге тақау көздің уақытша көрмей қалуын тудырып
немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Батареяның және заряд құрылғысының ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареяны мерзімінен ұзақ зарядтау оның жарамдылық уақытын
қысқартатындықтан, батареяларды бір аптадан артық зарядтауға
болмайды.
Уақытынан асырылған, қолданылмаған батареялар отырады
және пайдаланылар алдында қайта зарядтауды талап етеді.
Қолданыста болмаған кезде заряд құрылғыларын тоқ көзінен
ажыратыңыз.
Батареяларды өз мақсаттарына пайдаланыңыз.
Өндіруші қолдаған батареяларды, заряд құрылғыларын,
аксессуарларды және жабдықтарды қолданыңыз
Жалпы батареяларды және заряд құрылғыларын қолдану телефонның
жарамдылық уақытын қысқартып немесе дұрыс жасамауына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Samsung қолдамаған аксессуарларды және жабдықтарды қолдану
кезіндегі пайдалунышының қауіпсіздігіне Samsung жауап бере алмайды.
Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе тіліңізді
тигізбеңіз
Бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе атылуы мүмкін.
Егер құрылғыны балалар қолданса, олардың оны дұрыс қолдануын
қадағалаңыз.
Телефонмен сөйлесіп тұрғанда:
Кәдімгі телефонмен сөйлескендей, құрылғыны тіке ұстаңыз.
Микрофонға тіке сөйлесіңіз.
Телефонның ішкі антеннасына тиюге жол бермеңіз. Антеннаны ұстау
сөйлесу сапасын төмендетіп немесе телефонның қажеттен тыс көп
мөлшерде радио толқындарды шығаруға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ішкі антенна
Телефонды пайдаланған кезде телефонды әлсіз басып ұстап тұрыңыз,
пернелерді жайменен басыңыз, басуыңыз қажет пернелер санын
азайтатын арнайы мүмкіндіктерді пайдаланыңыз (үлгілер және алдын
ала айтушы мәтін сияқты), және жиі үзіліс жасаңыз.
Есту жүйеңіздің қорғанысы
Көп мөлшерде қатты дауыстардың сәулеленуі есту
қабілетін төмендетуі мүмкін.
Айдау кезіндегі қатты дыбыстандыру назарыңызды
басқаға аударып, апатқа әкелуі мүмкін.
Құлақ аспапты аудио көзіне тықпас бұрын әрқашанда
дауысын басыңыз және сөйлесуіңізді немесе
музыкаңызды естуге қажетті тек ең аз дауыс реттеуін
орнатыңыз.
Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс үстінде құрылғыны
қолдануда абай болыңыз
Өзіңізге немесе басқаларға зақым келмес үшін айналаңыздағылардан
хабардар болыңыз.
Телефоныңызға тек білікті мамандардың ғана қызмет
көрсетуін қадағалаңыз
Біліксіз мамандардың телефоныңызға қызмет көрсетуі оның зақымдануына
және дайындаушы кепілдігінің жарамсыз етілуіне әкеліп соғады.
SIM картасын абайлап пайдаланыңыз
Телефон белгілі бір ақпаратты жіберу немесе қабылдау барысында
картаны шығарып алуға болмайды, себебі, бұл әрекет деректердің
жойылуына және/немесе картаның немесе телефонның зақымдануына
себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық тоқтан және басқа
құрылғылардан келетін электр шуынан сақтаңыз.
Алтын түсті байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды
немесе метал нысандарын тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда,
оны жұмсақ орамалмен сүртіңіз.
Жедел қызметтерімен қатынасын тексеріңіз
Телефоныңыздан жедел қызмет шақыру кейбір аймақтарда немесе
жағдайларда мүмкін болмауы ықтимал. Қолданыс аясынан тыс немесе
дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында жедел қызмет
қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін жоспарлаңыз.
Салыстырмалы қабылдау көрсеткіші
(СҚК) сертификация ақпараты
Телефоныңыз радио және телекоммуникация жабдықтары шығаратын
радио толқындардың шығуын қысқартатын Еуропалық стандарттарына
сәйкес келеді. Бұл стандарттар килограммға 2,0 ваттан асатын
(Салыстырмалы қабылдау көрсеткіші (SAR) ретінде белгілі) деңгейдегі
ұялы телефондардың сатылуын алдын алады.
Сынақ кезінде осы үлгіге арналған ең көп СҚК 0,599 кг/ватт болған.
Қалыпты жағдайда шын СҚК бұдан төмен болуы мүмкін, өйткені құрылғы
ең жақын база бекетіне белгі жіберуге арналған радио толқындарды
ғана шығаруға жабдықталған. Төменгі деңгейде автоматты түрде
шығаруда телефон барлық сәулені радио толқынға азайтады.
Нұсқаулықтың артқы жағындағы сәйкестік декларациясы телефонның
Еуропалық радио және терминалды телекоммуникациялық жабдықтар
директивасына сәйкес келетінен көрсетеді. SAR және қатысты Еуро
одақ стандарттары туралы ақпарат үшін Samsung ұялы телефон
сайтын қараңыз.
Көлік айдау кезінде ұялы телефонға
байланысты барлық қауіпсіздік
ескертпелерді және ережелерді сақтаңыз
Айдау кезінде көлікті қауіпсіз басқаруыңыз бірінші жауапкершілігіңіз.
Егер заңға қайшы болса, ұялы телефоныңызды айдау кезінде
ешқашанда қолданбаңыз. Өзіңіздің және басқалардың қауіпсіздігі
үшін дұрыс ақыл есте болып, келесі сыбыр сөздерді есте сақтаңыз:
Қолыңызды бос ұстайтын құрылғы қолданыңыз.
Құрылғыңызбен, оның тез теру және қайта теру сияқты оңай
қасиеттерімен жақын танысыңыз. Бұл қасиеттер телефонға жауап
беру және қайтаруға кететін уакытты аз кетіруге көмектеседі.
Құрылғыңызды оңай табатын жерде сақтаңыз. Сымсыз құрылғыңызды
жолдан көз алмай тауып алатындай болыңыз. Егер қоңырау жайсыз
кезде соғылса, дауыс поштаңыз сіз үшін жауап беретін болсын.
Сіздің жолда айдап келе жатқаныңызды сізбен сөйлесуші адам
білсін. Кептеліс кезінде немесе ауа райы қолайсыз жағдайда қоңырауға
жауап бермеңіз. Жаңбыр, жаңбыр араласқан қар, тайғақ, қар және
көлік кептелісі қауіпті болуы мүмкін.
Ештеңе жазбаңыз және телефондағы нөмірлерді қарамаңыз.
«Істеу» қағазын тез жазу немесе кітапшаны ақтару сіздің айдаудағы
басты міндетіңізден көз жаздыруға әкелуі мүмкін.
Дұрыстап теріп, жолды бағалаңыз. Қоңырауларды сіз жылжымай
тұрғанда немесе жолға кірмей тұрғанда алыңыз. Қоңырауларыңызды
көлігіңіз жылжымай тұрғанда жоспарлап алыңыз. Егер қоңырау
шалу керек болса, бірінші бірнешеуін теріп, жолды және айналарды
тексеріңіз, сосын жалғастырыңыз.
Көңіл аударатын қатты ширықтататын немесе жалынды әңгімелерден
аулақ болыңыз. Сіз телефонмен сөйлесіп жатқан адамыңызға
көлік айдап келе жатқаныңызды айтыңыз және жолдан назарды
аударатын әңгімелерді доғарыңыз.
Құрылғыңызды көмекке шақыру үшін қолданыңыз. Өрт, көлік
апаттары немесе медициналық апатты жағдайларда жергілікті
жедел қызмет шақыру телефонына хабарласыңыз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік және Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ және басқа да жеке жинақ жүйелері
бар Еуропа елдеріндегі қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе қосымша әдебиеттегі
осы таңба өнімнің және оның электрондық керек-
жарақтарының (мысалы, зарядтағыш құрылғысының, құлақ
аспабының, USB кабелінің) қызмет мерзімі аяқталғанда
басқадай тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы қажеттігін
білдіреді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі
мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы
заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз
да, материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей
қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге
жіберу үшін осы элементтерді қайдан және қалай алу жолдарын
оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің
шығарушыларымен
байланысып, сатып алу келісім-шарттарының
шарттары мен ережелерін
тексеруі тиіс. Бұл өнім және оның
электрондық керек-жарақтары басқа коммерциялық қалдықтармен
қатар тасталмауы қажет.
Батареяларды дұрыс тастау
(Еуропалық Одақта және бөлек жинау жүйесі бар басқа
Еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы, пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе
орамадағы таңба батареялардың жарамдылық мерзімі
біткеннен кейін тұрмыстық қалдықтармен бірге
тасталмауға
тиіс екенін білдіреді. Белгіленген жерде, Hg, Cd немесе
Pb химикалық белгілер батареяның құрамында ЕО 2006/66
директивасындағы келтірілген деңгейден асатын сынап, кадмий
немесе қорғасын бар екенін білдіреді. Егер батареялар дұрыстап
тасталмаса, осы заттар адамдар денсаулығына немесе қоршаған
ортаға зиян келтіруі мүмкін.
Табиғат көздерін қорғау және өнімді қайта қолдануды құптау
мақсатында
батареяларды қалдықтардың басқа түрлерінен
ажыратып жергілікті батареяны ақысыз қайтару жүйесі арқылы
қолданысқа қайта жіберіңіз.
Ескертпе: Электр талдырмасы, өрт және
жарылыстың алдын алыңыз
Жарамсыз тоқ сымын немесе айырын, бос электр сокеттерін
қолданбаңыз
Ылғалды қолмен тоқ сымын ұстамаңыз немесе зарядтау
құрылғысын баудан тарту арқылы ажыратыңыз
Тоқ сымын майыстырмаңыз және оған зақым келтірмеңіз
Зарядтау кезінде құрылғыны қолданбаңыз немесе құрылғыны
ылғалды қолдармен ұстамаңыз
Заряд құрылғысын немесе батареяны тұйықтамаңыз
Заряд құрылғысын немесе батареяны құлатпаңыз немесе
әсер тудырмаңыз
Батареяны өндіруші растамаған құрылғылармен зарядтамаңыз
Бұзылған немесе ағып тұрған ион-литийлі батареяны
қолыңызда ұстамаңыз
Ион-литийлі батареяларыңызды қауіпсіз пайдаланудан шығару үшін
жақын жердегі уәкіл қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын күтіммен пайдалану
және орнату
Телефоныңызға арналып жасалған тек Samsung- мақұлдаған
батареялар мен заряд құрылғыларын пайдаланыңыз. Сәйкес
келмейтін батареялар мен заряд құрылғыларын пайдалану
телефоныңыздың қатты зақымдануына немесе бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.
Телефонды немесе батареяларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды немесе телефондарды лақтыруда
барлық жергілікті тәртіптерді ұстаныңыз.
Батареяларды немесе телефондарды қысқа толқынды пештер,
плиткалар немесе радиаторлар сияқты жылу көзі болатын
құрылғылардың үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Батареялар қатты
қызып кеткен жағдайда жарылуы мүмкін.
Батареяларды сындыруға немесе тесуге болмайды. Батареяларды
жоғары сыртқы қысымда ұстауға болмайды. Бұл ішкі қысқа мерзімдік
тұйығу және қызып кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяны және заряд құрылғыларын
зақымданудан сақтаңыз
Құрылғыны және батареяны өте салқын және өте ыстық
температураларда ұстауға болмайды.
Экстремальды температура телефонның бұзылуына, батареялардың
зарядтау қабілетінің төмендеуіне және жалпы осы құралдардың
жұмыс мерзімінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Батареяларды метал нысандарымен жанасуынан сақтаңыз, себебі,
бұл заттар батареяларыңыздың + және – терминалдары арасында
байланыс тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты
зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Зақымдалған заряд құрылғысын немесе батареяны пайдалануға
болмайды.
Байқаңыз: Барлық қауіпсіздік ескертулер
мен ережелерді құрылғыңызды шектелген
аймақта қолдану кезінде қатаң сақтаңыз
Тыйым салынған жерлерде құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз
Ұялы телефонды белгілі бір аумақтарда пайдалануға тыйым салатын
кез келген ережеге бағыныңыз.
Құрылғыңызды басқа да электр қондырғы аясында қолданбаңыз
Көптеген электр қондырғылары радио толқындарды қолданады.
Құрылғыңыз басқа электр қондырғылар жұмысына кедергі тудыруы мүмкін.
Құрылғыңызды кардиостимулятор маңында қолданбаңыз
Құрылғыңызды кардиостимулятордың мүмкін болса 15 см аралық
ішінде қолданбаңыз, өйткені ол оның жұмысына кедергі тудырады.
Егер құрылғыны қолдану керек болса, кардиостимулатордан
15 см алыс ұстаңыз.
Кардиостимуляторға тиетін мүмкін кедергіні азайту үшін құрылғыңызды
денеңіздің кардиостимулятордан қарама қарсы бетінде қолданыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалтада немесе бел айналасында
ұстамаңыз
Егер құласаңыз өзіңізді немесе құрылғыңызды зақымдауыңыз мүмкін.
Құрылғыны шашып, өзгертіп немесе жөндемеңіз
Қай өзгеріс болмасын ол өндірушінің кепілдігінен айыру мүмкін.
Жөндеу үшін Samsung қызмет орталығына барыңыз.
Батареяны ашып немесе теспеңіз өйткені ол өрт немесе жарылыс
тудыруы мүмкін.
Құрылғыны боямаңыз
Бояу жылжымалы бөліктерді бітеп оның дұрыс жасауына кедергі
болуы мүмкін. Егер бояуға немесе құрылғының темір бөліктеріне
аллергияңыз болса, қолдануды тоқтатып дәрігерге қаралыңыз.
Құрылғыны тазартқан кезде:
Құрылғыны матамен немесе резинамен сүртіңіз.
Батареяның терминалдарын мақта немесе матамен тазартыңыз.
Химикаттарды немесе жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
Бейнебетке сызат түскен немесе сынған болса, телефонды
қолданбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил полимер қолыңыз бен бетіңізді жарақаттауы
мүмкін. Құрылғыңызды жөндеу үшін Samsung қызмет орталығына
барыңыз.
Құрылғыны өзінің тікелей мақсатынан басқа мақсатта
қолданбаңыз
Қоғамдық жерде құрылғыны қолданған кезде басқаларды
мазаламаңыз
Балаларға телефонды қолдануға тыйым салыңыз
Құрылғыңыз ойыншық емес. Балаларға онымен ойнауға тыйым салыңыз,
өйткені олар өздерін немесе басқаларды жарақаттауы, құрылғыны
бұзуы немесе шығыныңызды өсіретін қоңыраулар шалуы мүмкін.
Ұялы телефондарды және жабдықтарын сақтықпен орнату
Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Телефоныңызды және оның жабдықтарын көліктің қауіпсіздік жастығы
орналасқан аумақта немесе жанына қоймаңыз. Қауіпсіздік жастығы
бірден желге толып кеткен жағдайда дұрыс орнатылмаған сымсыз
жабдықтар ауыр жарақаттануыңызға себепші болуы мүмкін.
Құрылғыңызды аурухана немесе медициналық қондырғылардың
маңында қолданбаңыз, ол радио толқынмен кедергі жасауы
мүмкін
Егер өзіңіз медициналық құрылғы пайдалансаңыз, өндіруші мекемеге
құрылғыңызға радио толқынынан қауіп төнбейтініне көз жеткізу үшін
хабарласыңыз.
Есту аппаратын қолдансаңыз, өндірушіге радио толқындар
жөнінде хабарласыңыз
Кейбір есту аппараттарына құрылғыңыздың радио толқындары кедергі
келтіруі мүмкін. Есту аппаратыңыздың қауыпсіздігі жөнінде өндірушіге
хабарласыңыз.
Ұялы телефонды жарылу мүмкіндігі бар орталарда сөндіріңіз
Ұялы телефонды жарылу мүмкіндігі бар орталарда батареясын
алып тастағанша, сөндіріңіз.
Жарылу мүмкіндігі бар орталарда ережелерге, белгілерге және
нұсқауларға әрқашанда бағыныңыз.
Құрылғыңызды май құю бекеттерінде (ТҚО), отын және химиялық
заттар маңында, және сорғалау аймақтарында қолданбаңыз.
Жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды
телефон, оның құрама бөлшектері немесе жабдықтары бар жерде
сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Құрылғыңызды ұшақта сөндіріңіз
Құрылғыңызды ұшақта қолдану заңсыз. Құрылғыңыз ұшақтың
шарлау электронды қондырғыларына кедергі келтіруі мүмкін.
Құрылғыңыздың радио толқындарына байланысты
автомашинаның электронды құрылғыларының дұрыс
жасамауына әкеліп соқтыруы мүмкін
Құрылғыңыздың радио толқындарына байланысты көлігіңіздің
электронды құрылғыларының дұрыс жасамауына әкеліп соқтыруы
мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.
To prevent injury to yourself and others or damage to your device, read all of the following information before using your device.
Printed in Korea
Code No.: GH68-31648A
Kazakh. 09/2010. Rev. 1.1
GT-E1225T
Ұялы телефон
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Телефонның бағдарламалық жасақтамасына немесе
қызмет жеткізушіңізге байланысты бұл нұсқаулықтағы
мазмұндардың кейбірінің телефоныңыздан айырмашылығы
болуы мүмкін.
www.samsungmobile.com
Телефон жаймасы
1
4-сызықты шарлау пернелері
Мәзір опцияларын
айналдырыңыз. Күту режимінде
пайдаланушы анықтаған
мәзірге кіріп жалған қоңырау
шалыңыз
Жалған қоңыраулар шалу
Қызмет жеткізушісіне
байланысты өзіндік
бейнебеттің өзіндік беті немесе
белгіленген мәзір арасында
айырмашылықтар болуы мүмкін
2
Теру пернесі
Қоңырау шалыңыз немесе
қоңырауға жауап беріңіз; Күту
режимінде жақында терілген
немесе алынған нөмірлерді
қайтарыңыз; пернелер
құлыпталынып тұрғанда SOS
хабарламасын нөмірлерді орнату
үшін жіберіңіз (4 рет басыңыз)
SOS хабарын белсендіру
және жіберу
3
Дауыстық пошта қызметі
пернесі
Күту режимінде дауыстық
поштаға қатынау (басып тұрыңыз)
4
Пернетақтаны құлыптау
Күту режимінде пернетақтаны
кілттеңіз немесе ашыңыз (басып
тұрыңыз)
5
Жарық жағу пернесі
Күту режимінде жағу жарығын
іске қосыңыз немесе өшіріңіз
(басып ұстап тұру)
Жағу жарығын
белсендіріңіз
6
Қуат/Аяқтау клавишасы
Телефонды қосу және өшіру
(басып тұрыңыз); Қоңырауды
аяқтау; Мәзір режимінде, енгізбені
болдырмау және телефонды
Күту режиміне қайтару
7
Растау клавишасы
Күту режимінде Мәзір режиміне
өту; Мәзір режимінде,
бөлектелген мәзір опцияларын
таңдау немесе енгізуді растау
8
Дыбыссыз режим пернесі
Күту режимінде, дыбыссыз
режимді белсендіру немесе
өшіру (басып тұрыңыз)
9
SIM картасын қосу пернесі
Күту режимінде SIM-картаға
өтіңіз Мәзірді қосыңыз (басып
ұстап тұру)
10
Әріптік-сандық клавишалар
Телефон экранының жоғарғы жағында келесі күй
индикаторлары көрсетіледі:
Белгіше Сипаттама
/
Сигнал күші
Қоңырау шалынуда
Қоңырау бағытын өзгерту параметрі қосылды
Роуминг желісі (қалыпты қызмет көрсету
аясынан тыс жерде)
Жаңа хабар
Жаңа дауыстық пошта хабары
Дабыл қосылған
Қалыпты режим қосылған
Дыбыссыз режим қосылған
SOS хабар мүмкіндігі қосылған
FM радиосы қосылды
Батарея зарядының деңгейі
2
3
4
6
8
1
7
9
10
5
Радио тыңдау үшін 3,5 мм құлақ аспап немесе
S20 істікшелі құлақ аспап пайдаланыңыз. Алайда,
дыбыс сапасы әр түрлі болуы мүмкін.
3,5 мм құлақ аспаппен радио тыңдау кезінде жол
адаптерін телефонға жалғамаңыз. Адаптер немесе
кабель құлақ аспаптың радио антеннасы ретінде
функциясына кедергі келтіруі мүмкін.
Ԝɹɥɵ ɬɟɥɟɮɨɧ
Samsung GT-E1225T
Ʉԧɥɟɦɿ
(
Ԝ
/
ȿ/Ɍ
)
:
109,5x45,5x14,13 ɦɦ
ɋɚɥɦɚԑɵ: 72.4 ɝ
Ɍɚɭɚɪɞɵԙ ԕɵɡɦɟɬ ɤԧɪɫɟɬɭ ɦɟɪɡɿɦɿ: 3 ɠɵɥԑɚ ɞɟɣɿɧ.
Ԕɚɡɚԕɫɬɚɧ Ɋɟɫɩ
ɭ
ɛɥɢɤɚɫɵɧɵԙ ɚɣɦɚԑɵɧɞɚ ɩɚɣɞɚɥɚɧ
ɭ
ɲɵɥɚɪɞɵԙ ɚɪɵɡɞɚɪɵɧ ԕɚɛɵɥɞɚɣɬɵɧ ɦɟɤɟɦɟ
ɀɒɋ "ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ ɄɁ ɷɧɞ ɐɟɧɬɪɚɥ ɗɣɠɚ"
Ԕɚɡɚԕɫɬɚɧ Ɋɟɫɩɭɛɥɢɤɚɫɵɧɵԙ ɚɣɦɚԑɵɧɞɚ ɩɚɣɞɚɥɚɧɭɲɵɥɚɪɞɵԙ ɚɪɵɡɞɚɪɵɧ ԕɚɛɵɥɞɚɣɬɵɧ
ɦɟɤɟɦɟɫɿɧɿԙ ɦɟɤɟɧ-ɠɚɣɵ:
Ԕɚɡɚԕɫɬɚɧ Ɋɟɫɩɭɛɥɢɤɚɫɵ, Ⱥɥɦɚɬɵ, 050000, ɇɚɭɪɵɡɛɚɣ Ȼɚɬɵɪ ɤ-ɫɿ, 31, 6-7 ԕɚɛɚɬ
Ʉɟɩɿɥ ɤɟɩɿɥɞɿɤ ɬɚɥɨɧ ɲɚɪɬɵ ɛɨɣɵɧɲɚ ɛɟɪɿɥɟɞɿ
Ɍɚɭɚɪ ɋɟɪɬɢɮɢɤɚɬɬɚɥԑɚɧ
йȕȌСȘțȠС
ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ Ʉɨ.Ʌɬɞ.
йȕȌСȘțȠСȕСЬ ȔȍȒȍȕ-ȎȈȑȣ
Ʉɨɪɟɹ, Ʉɺɧɝɢ ɩɪɨɜɢɧɰɢɹɫɵ, ɋɭɜɨɧ, 443-742
416, Ɇɚɟɬɚɧ-3Ⱦɨɧɝ, Ȭɧɝɬɨɧɝ-Ƚɭ
1. "ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ Ʉɨ., Ʌɬɞ", 94-1, ɂɦɫɨ-Ⱦɨɧɝ, Ƚɭɦɢ-ɋɢɬɢ, Ʉɭɧɝ-Ȼɚɤ, Ʉɨɪɟɹ, 730-350
2. "Ɍɹɧɠɢɧ ɋɚɦɫɭɧɝ Ɍɟɥɟɤɨɦ Ɍɟɯɧɨɥɨɞɠɢ Ʉɨ., Ʌɬɞ", ȼɟɣɜɭ Ɋɨɚɞ, Ɇɢɤɪɨɷɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ ɂɧɞɚɫɬɪɢɚɥ ɉɚɪɤ ɌȿȾȺ, Ʉɫɢɤɜɢɧ Ⱦɢɫɬɪɢɤɬ Ɍɹɧɠɢɧ
300385, Ԕɵɬɚɣ
3. "ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ ɏɭɢɠɨɭ Ʉɨ., Ʌɬɞ.", ɑɟɧɠɢɚɧɝ ɬɚɭɧ, ɏɭɢɠɨɭ, Ƚɭɚɧɝɞɨɧɝ ɩɪɨɜɢɧɰɢɹɫɵ, Ԕɵɬɚɣ
Ɇɨɛɢɥɶɧɵɣ ɬɟɥɟɮɨɧ
Samsung GT-E1225T
Ɋɚɡɦɟɪɵ (ȼ/ɒ/Ƚ):
109,5x45,5x14,13 ɦɦ
ȼɟɫ: 72.4 ɝ
ɋɪɨɤ ɫɥɭɠɛɵ ɬɨɜɚɪɚ: 3 ɝɨɞɚ.
Ɉɪɝɚɧɢɡɚɰɢɹ, ɩɪɢɧɢɦɚɸɳɚɹ ɩɪɟɬɟɧɡɢɢ ɧɚ ɬɟɪɪɢɬɨɪɢɢ Ɋɟɫɩ
ɭ
ɛɥɢɤɢ Ʉɚɡɚɯɫɬɚɧ:
ɌɈɈ "ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ ɄɁ ɷɧɞ ɐɟɧɬɪɚɥ ɗɣɠɚ"
Ⱥɞɪɟɫ ɨɪɝɚɧɢɡɚɰɢɢ, ɩɪɢɧɢɦɚɸɳɟɣ ɩɪɟɬɟɧɡɢɢ ɧɚ ɬɟɪɪɢɬɨɪɢɢ Ɋɟɫɩ
ɭ
ɛɥɢɤɢ Ʉɚɡɚɯɫɬɚɧ:
Ɋɟɫɩɭɛɥɢɤɚ Ʉɚɡɚɯɫɬɚɧ, Ⱥɥɦɚɬɵ, 050000, ɭɥ. ɇɚɭɪɵɡɛɚɣ Ȼɚɬɵɪɚ, 31, 6-7 ɷɬɚɠ
Ƚɚɪɚɧɬɢɹ ɩɪɟɞɨɫɬɚɜɥɹɟɬɫɹ ɜ ɫɨɨɬɜɟɬɫɬɜɢɢ ɫ ɭɫɥɨɜɢɹɦɢ ɝɚɪɚɧɬɢɣɧɨɝɨ ɬɚɥɨɧɚ
Ɍɨɜɚɪ ɋɟɪɬɢɮɢɰɢɪɨɜɚɧ
ɂɡɝɨɬɨɜɢɬɟɥɶ:
Samsung Electronics Co.Ltd.
Ⱥɞɪɟɫ ɢɡɝɨɬɨɜɢɬɟɥɹ:
Ʉɨɪɟɹ, ɩɪɨɜɢɧɰɢɹ Ʉɺɧɝɢ, ɋɭɜɨɧ, 443-742
416, Ɇɚɟɬɚɧ-3Ⱦɨɧɝ, Ȭɧɝɬɨɧɝ-Ƚɭ
1. "ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ Ʉɨ., Ʌɬɞ", 94-1, ɂɦɫɨ-Ⱦɨɧɝ, Ƚɭɦɢ-ɋɢɬɢ, Ʉɭɧɝ-Ȼɚɤ, Ʉɨɪɟɹ, 730-350
2. "Ɍɹɧɠɢɧ ɋɚɦɫɭɧɝ Ɍɟɥɟɤɨɦ Ɍɟɯɧɨɥɨɞɠɢ Ʉɨ., Ʌɬɞ", ȼɟɣɜɭ Ɋɨɚɞ, Ɇɢɤɪɨɷɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ ɂɧɞɚɫɬɪɢɚɥ ɉɚɪɤ ɌȿȾȺ, Ʉɫɢɤɜɢɧ Ⱦɢɫɬɪɢɤɬ Ɍɹɧɠɢɧ
300385, Ʉɢɬɚɣ
3. "ɋɚɦɫɭɧɝ ɗɥɟɤɬɪɨɧɢɤɫ ɏɭɢɠɨɭ Ʉɨ., Ʌɬɞ.", ɑɟɧɠɢɚɧɝ ɬɚɭɧ, ɏɭɢɠɨɭ, ɩɪɨɜɢɧɰɢɹ Ƚɭɚɧɝɞɨɧɝ, Ʉɢɬɚɣ
Vue de la page 0
1 2

Résumé du contenu

Page 1 - Пайдаланушы

Сақтандыру шараларыҚұрылғыңызды басқа адамдар төтенше жағдайға тап болғанда • қолданыңыз. Апат болса, қылмыс болып жатса, немесе адам жанына қауіп төн

Page 2 - GSM Ұялы телефоны: GT-E1225T

Дыбыссыз немесе дербес режимді пайдаланған кезде рингтонның дыбыс қаттылығын реттеуге рұқсат етілмейді. <3. Опциялар> → Өзгерту басыңыз. 4. Дау

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire