Samsung MS23F301TAW Manuel d'utilisateur Page 105

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 144
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 104
33
КАЗАҚ
АРНАЙЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
САРЫ МАЙДЫ ЕРІТУ
50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз.
800 Вт қуатпен 30-40 секунд сары май ерігенше қыздырыңыз.
ШОКОЛАДТЫ ЕРІТУ
100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
450 Вт қуатпен 3-5 минут шоколад ерігенше қыздырыңыз.
Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет араластырыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын
киіңіз!
ТҮЙІРШІКТЕЛІП ҚАТҚАН БАЛДЫ ЕРІТУ
20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
300 Вт қуатпен 20-30 секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
ЖЕЛАТИНДІ ЕРІТУ
Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз.
Суы сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз.
300 Вт қуат бойынша 1 минут қыздырыңыз.
Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БЕЗЕНДІРГІШ/ӘРЛЕГІШ ҚОСПА ДАЯРЛАУ (ТОРТ ЖӘНЕ КОНДИТЕР ӨНІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН)
Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су
араластырыңыз.
Бетін жаппай пирекс шыны ыдысықа салып, 3½ - 4½ минут 800 Вт қуатпен, безендіргіш
қоспа мөлдір болғанша пісіріңіз. Пісіріп жатқанда екі рет араластырыңыз.
ТОСАП ҚАЙНАТУ
600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар пирекс
ыдысына салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз.
Бетін жауып 10-12 минут 800 Вт қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы бар тосап
банкасына тура құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя тұрыңыз.
ПУДДИНГ ҚАЙНАТУ
Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), жақсылап
араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Бетін
жауып 6½ - 7½ минут 800 Вт қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет жақсылап араластырыңыз.
БАДАМ ЖАҢҒАҒЫ ҮЛПЕКТЕРІН ҚЫЗАРТУ
30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамика табаға
біркелкі таратып салыңыз.
3½ - 4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз.
Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА БОЛСА НЕ
ІСТЕУ КЕРЕК
Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып түзетіп
көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.
Пештің ішінде конденсат пайда болады.
Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.
Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.
Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.
(
) түймешігін басқан кезде пеш іске қосылмайды.
Есік әбден жабылды ма?
Тағам мүлде піспеген.
Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және/не (
) түймешігін бастыңыз ба?
Есік жабық тұр ма?
Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш жанып немесе
айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?
Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.
Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?
Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.
Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?
Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған жоқ па?
Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ па?
Жарықтама шамы жанбай тұр.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс. Жақын
орналасқан Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласып, шамды
ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.
Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл пайда
болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар,
радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.
Бөгеуілді пештің микропроцессоры анықтаса, бейнебет параметрлерін қайта
орнату керек. Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны розеткадан суырыңыз да, қайта
жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.
MS23F301TFW_BW_DE68-04182X-03_KK.indd 33 2014-07-11  6:07:21
Vue de la page 104
1 2 ... 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 ... 143 144

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire