Samsung WW90H7410EW Manuel d'utilisateur Page 91

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 176
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 90
Қазақша - 3
01 Қауіпсіздік туралы аҚпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Жаңа Samsung кір жуғыш машинаңыз құтты болсын! Осы Нұсқаулықта
машинаңызды орнату, пайдалану және оған қызмет көрсету бойынша
маңызды ақпараттар бар. Кір жуғыш машинаңыздың көп мүмкіндіктері
мен функцияларын толық қолдану үшін, осы пайдаланушы нұсқаулығын
оқып шығуға сәл уақыт бөліңіз.
Қауіпсіздік жайында не білуіңіз керек
Жаңа құрылғыңыздың кең ауқымды мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз және тиімді
пайдалану жолдарын білетініңізге көз жеткізу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты кейін қарап жүру үшін құрылғыға жақын, сенімді жерде сақтаңыз. Машинаны
Пайдалану бойынша нұсқаулықта сипатталған мақсаттарда ғана қолданыңыз.
Осы нұсқаулықтағы ескертулер мен қауіпсіздік шаралары мен жағдайларды толық қамтымайды. Кір
жуғыш машинаны орнату, оған күтім көрсету және іске қосу барысында сақ болу, қарапайым сақтық
шараларын сақтау сіздің жауапкершілігіңізде.
Себебі келесі іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі үлгілерге арналған, сондықтан кір жуғыш
машинаңыздың техникалық параметрлері, осы нұсқаулықта сипатталған үлгілерден сәл өзгеше
болуы және ескерту белгілерінің кейбіреуі сіздің құрылғыңызға қатысты болмауы мүмкін. Сұрағыңыз
немесе өзіңізді толғандырып жүрген мәселе болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан анықтама және ақпарат алыңыз.
Маңызды қауіпсіздік белгілері
Осы тұтынушы нұсқаулығында қолданылатын белгілер мен
таңбалар төмендегілерді білдіреді:
ЕСКЕРТУ: Қатты жарақат алуға, мерт болуға әкелетін және/немесе мүлікке зиян
келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.
АБАЙЛАҢЫЗ: Адам қатты жарақат алатын, және/не мүлікке зиян келтіретін
қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.
ЕСКЕРІМ
Бұл ескерту белгілері өзіңіз және басқа адамдар жарақат алмас үшін берілген.
Бұларды мұқият ұстаныңыз.
Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін, кейін қарап жүру үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз.
Осы машинаны пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Айналатын бөлшектері бар кез келген электр құрылғысы тәрізді, бұл да қатерлі жағдайлар туғызуы
мүмкін. Осы құрылғыны қауіпсіз іске қосу үшін, оны іске қолдану және күтім көрсету жолдарымен
танысыңыз.
WW90H7410EW-03403F-07_KK.indd 3 2015/9/8 16:53:35
Vue de la page 90
1 2 ... 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 ... 175 176

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire