Samsung HW-M450 Manuel d'utilisateur Page 112

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 117
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 111
KAZ - 30
Жаңарту процедурасы
1. Микро USB түрін ұштықты USB 2.0 Микро
USB ашасы бар (В түрі) USB адаптер
кабелінің ұшына, ал стандартты ұяшықты
2.0 USB жалғағышын (А түрі) Soundbar
құрылғысындағы микро USB
жалғағышына қосыңыз.
Микро USB - USB адаптер кабелі бөлек
сатылады. Сатып алу үшін Samsung
қызмет көрсету орталығына немесе
Samsung тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
2. Өнімнің бағдарламалық жасақтамасын
жүктеп алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
Samsung компаниясының (samsung.com)
веб-сайтына кіріңіз → үлгі атауын
іздеңіз - тұтынушыға қолдау көрсету
опциясын таңдаңыз (опция атауы
өзгертілуі мүмкін)
3. Жүктеп алынған бағдарламалық
жасақтаманы сақтау құрылғысына сақтап,
қалтаны мұрағаттан шығару үшін
“Осында шығару” опциясын таңдаңыз.
4. Soundbar құрылғысын өшіріп,
бағдарламалық жасақтаманың жаңа
нұсқасы бар сақтау құрылғысын Микро
USB адаптер кабеліндегі ұяшыққа
жалғаңыз. Кабельді Soundbar
құрылғысындағы USB портына жалғаңыз.
5. Soundbar құрылғысын қосыңыз. 3 минут
ішінде, “UPDATEкөрсетіліп, жаңарту
процесі басталады.
6. Жаңарту процесі аяқталған соң, Soundbar
құрылғысы өшеді. Қашықтан басқару
пультіндегі p түймесін 5 секунд ішінде
басып тұрыңыз. “INITдисплейде
көрсетіліп, Soundbar құрылғысы өшеді.
Жаңарту процесі аяқталады.
Бұл өнімде DUAL BOOT функциясы бар.
Кіріктірілген ішкі бағдарламаны
жаңарту жүзеге аспаса, оны қайта
жаңартуға болады.
UPDATE көрсетілмесе
1. Soundbar құрылғысын өшіріп, жаңарту
файлдары бар сақтау құрылғысын
Soundbar құрылғысының USB портынан
ажыратып, оған қайта жалғаңыз.
2. Soundbar қуат сымын ажыратып, оны
қайта қосыңыз да, Soundbar құрылғысын
қосыңыз.
Soundbar қолдау көрсететін аудио
файлдар сақтау құрылғысында
сақталған болса, жаңартылған
кіріктірілген ішкі бағдарлама дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Жаңа нұсқалар қолданылып жатқанда,
қуат көзін ажыратуға немесе USB
құрылғысын алуға болмайды.
Кіріктірілген ішкі бағдарламаны
жаңарту процесі аяқталған соң, негізгі
құрылғы автоматты түрде өшеді.
Жаңарту процесі аяқталған соң,
Soundbar құрылғысында пайдаланушы
параметрлері бапталады. Жаңарту
процесінен кейін параметрлерді оңай
қалпына келтіру үшін, оларды жазып
алғаныңыз жөн. Жаңартылған
кіріктірілген ішкі бағдарлама сабвуфер
байланысын да қалпына келтіретінін
ескеріңіз.
Сабвуфермен байланыс жаңарту
процесінен кейін автоматты түрде
орнатылмаса, 6етті қараңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
жүзеге аспаса, сақтау құрылғысында
ақаулық бар-жоғын тексеріңіз.
Mac OS пайдаланушылары USB пішімі
ретінде MS-DOS (FAT) пішімін
пайдалануы тиіс.
Сақтау құрылғысының өндірушісіне
байланысты USB арқылы жаңарту
қолжетімді болмауы мүмкін.
Vue de la page 111

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire