Samsung GT-I9100 Manuel d'utilisateur Page 17

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 30
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 16
17
Батареяларды не құрылғыларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды немесе құрылғыларды тастаған
кезде барлық жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Батареяларды немесе құрылғыларыңызды ешқашан жылыту
құрылғыларының, мысалы, қысқа толқынды пештердің,
духовкалардың немесе жылыту радиаторларының үстіне немесе
ішіне қоймаңыз. Қызып кеткен батарея жарылуы мүмкін.
Батареяны ешқашан бұзбаңыз немесе теспеңіз. Батареяларды
сыртқы жоғары қысым әсерінен қорғаңыз, бұл ішкі қысқа
тұйықталу және қызып кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяларды және зарядтағыштарды
зақымданудан қорғаңыз
Құрылғыңызды және батареяларды өте суық немесе өте ыстық
температураларға шығармаңыз.
Шамадан тыс температуралар құрылғы пішінінің өзгеруіне
себеп болып, заряд сыйымдылығын және құрылғыңыз бен
батареялардың пайдаланылу мерзімін қысқартуы мүмкін.
Батареяларды металл заттарға тигізбеңіз, себебі бұл заттар
батареяларыңыздың + және – терминалдары арасында байланыс
тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты зақымдануына
әкеліп соғуы мүмкін.
Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны
пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз: Құрылғыңызды шектеулі аумақтарда
пайдаланған кезде барлық қауіпсіздік ескертулері
мен ережелерін сақтаңыз
Құрылғыңызды тыйым салынған жерлерде өшіріп
қойыңыз
Белгілі бір аумақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін
ережелердің барлығын сақтаңыз.
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың
жанында пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын
пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі
келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды электр кардиостимулятордың жанында
пайдаланбаңыз
Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен,
құрылғыны электр кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см
ауқымында пайдаланбаңыз.
Vue de la page 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 29 30

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire