Негіздер
21
Белгіше Мағынасы
Ұшақ режимі қосылды
Қате пайда болды немесе сақ болу талап етіледі
Батарея зарядының деңгейі
Сенсорлық экранды пайдалану
Сенсорлық экранды пайдалану үшін тек саусақтарды пайдаланыңыз.
•
Сенсорлық экранның басқа электр құрылғыларға тиюіне жол бермеңіз.
Электростатикалық разрядтар сенсорлық экранның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп
болуы мүмкін.
•
Сенсорлық экранға су тиюіне жол бермеңіз. Сенсорлық экран ылғалды жерлерде
немесе су тигенде дұрыс істемей қалуы мүмкін.
•
Сенсорлық экранды зақымдап алмау үшін, оны ешбір үшкір нәрсемен түртпеңіз
немесе саусақ ұштарымен оған шамадан тыс қысым түсірмеңіз.
•
Сенсорлық экранды күту режимінде ұзақ уақытқа қалдыру суреттің тұрып қалуына
(экранның күйіп кетуіне) немесе жанама суреттердің болуына әкелуі мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда сенсорлық экранды өшіріп қойыңыз.
Саусақ қимылдары
Түрту
Қолданбаны ашу, мәзір элементін таңдау, экрандық түймені басу немесе экрандық
пернетақта арқылы таңбаны енгізу үшін, оны саусақпен түртіңіз.
Commentaires sur ces manuels