Samsung GT-S3310 Manuel d'utilisateur

Naviguer en ligne ou télécharger Manuel d'utilisateur pour Smartphones Samsung GT-S3310. Samsung GT-S3310 руководство пользователя [ru] Manuel d'utilisatio

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 2
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 0
Samsung S3310
Printed in Korea
Code No.: GH68-21726A
Kazakh. 04/2009. Rev. 1.0
Ұялы телефон
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Осы нұсқаулықтағы мазмұн
телефонның бағдарламалық жасақтамасы немесе
қызмет жеткізушіңізге байланысты телефоныңыздан
ішінара айырмашылықтары болуы мүмкін.
Bluetooth QD ID: B014757
www.samsungmobile.com
Қауіпсіздік және пайдалану туралы ақпарат
Қауіпті немесе заңсыз жағдайларды болдырмау мақсатында
келесі қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз және ұялы
телефоныңыздың жоғары өнімділігімен қамтамасыз етіңіз.
Қауіпсіздік ескертулері
Ұялы телефоныңызды балалардан және
үй жануарларынан алшақ ұстаңыз
Телефоныңызды және оның жабдықтарын кішкентай
балалардан немесе жануарлардан алыс ұстаңыз.
Телефонның ұсақ бөлшектері жұтылған жағдайда,
өңешке тұрып қалуы немесе өте ауыр жарақаттауы
мүмкін.
Есту жүйеңіздің қорғанысы
Құлаққаптан қатты дыбыспен тыңдау есту
қабілетіңізді зақымдауы мүмкін. Әңгімеңіз
немесе музыканы тыңдауға жеткілікті ең
төменгі дауыс күштілігін қолданыңыз.
Ұялы телефондарды және жабдықтарын
сақтықпен орнату
Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың
немесе оларға қатысты жабдықтардың берік
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз. Телефоныңызды және
оның жабдықтарын көліктің қауіпсіздік жастығы
орналасқан аумақта немесе жанына қоймаңыз.
Қауіпсіздік жастығы бірден желге толып кеткен
жағдайда дұрыс орнатылмаған сымсыз жабдықтар
ауыр жарақаттануыңызға себепші болуы мүмкін.
Сақтандыру шаралары
Барлық кезде сақтықпен жүргізіңіз
Жүргізу кезінде телефонды пайдаланбаңыз және көлік
жүргізу кезінде ұялы телефондармен пайдалануға
тыйым салу туралы ережелерді ұстаныңыз. Қажеттілігі
туған кезде, қауіпсіздікті ұлғайту мақсатында қатты
дауысты жабдықтарын пайдаланыңыз.
Қауіпсіздіктің барлық ескертулері мен
ережелерін сақтаңыз
Ұялы телефонды белгілі бір аумақтарда пайдалануға
тыйым салатын кез келген ережеге бағыныңыз.
Тек Samsung мақұлдаған жабдықтарды ғана
қолданыңыз
Сәйкес келмейтін жабдықтарды қолдану
телефоныңыздың зақымдануына немесе бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.
Телефонды медициналық жабдықтардың
жанында сөндіріп қойыңыз
Телефоныңыз ауруханалардағы немесе денсаулық
сақтау орындарындағы медициналық жабдықтардың
әсерінен кедергіге ұшырауы мүмкін. Медицина
қызметкерлері тарапынан болған барлық ережелерді,
орнатылған ескертулерді және нұсқаулықтарды
орындаңыз.
Ұшақ ішінде ұялы телефоныңызды сөндіріп
қойыңыз немесе оның сымсыз жүргізілетін
қызметтерін өшіріңіз
Сіздің ұялы телефоныңыз ұшақ жабдығының әсерінен
кедергіге ұшырауы мүмкін. Әуе компаниясының барлық
ережелеріне бағыныңыз және әуе компаниясының
қызметкерлері талап еткен кезде телефоныңызды
сөндіріп қойыңыз немесе телефонды оның сымсыз
жүргізетін қызметтерін өшіретін күйге қосып қойыңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын
зақымданудан сақтау
Батареяларды өте суық және өте ыстық температурада
жарылуға жол бермеңіз (0 °C/32 °F деңгейінен
төмен немесе 45 °C/113 °F деңгейінен жоғары).
Шектен тыс температура көрсеткіштері
батареяларыңыздың зарядтау өнімділігі мен
жарамдылық мерзімін төмендетуі мүмкін.
Батареяларды метал нысандарымен жанасуынан
сақтаңыз, себебі, бұл заттар батареяларыңыздың
+ және терминалдары арасында байланыс тудырып,
батареялардың уақытша немесе тұрақты
зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Зақымдалған заряд құрылғысын немесе батареяны
пайдалануға болмайды.
Телефоныңызды ұқыпты және орынды
пайдаланыңыз
Телефоныңызды ылғалданудан сақтаңыз-
сұйықтықтар телефонды қатты зақымдауы
мүмкін. Телефонды су қолмен пайдаланбаңыз.
Сумен зақымдану телефон дайындаушысының
кепілдігінен босатады.
Телефонды оның жылжымалы бөлшектерінің
зақымдануын болдырмау мақсатында шаң-тозаң,
кір жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Сіздің телефоныңыз кешенді электрондық құрылғы-
оны қатты зақымдап алмау үшін соғылулардан
және ұқыпсыз пайдаланудан сақтаңыз.
Телефонды бояуға болмайды, себебі бояу
телефонның жылжымалы бөлшектерінің бітелуіне
әкеледі және оның жеке әрекеттерін тежейді.
Телефон камерасының жарқылын балалардың
немесе жанурлардың көзіне жақын қолданбаңыз.
Телефоныңыз және оның жад карталары магниттік
өріс жарылысы салдарынан зақымдануы мүмкін.
Магниттік қақпақтары бар жүк кейстерін немесе
жабдықтарын пайдалануға немесе телефоныңызды
магниттік өріспен ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Басқа электрондық жабдықтар кедергісін
болдырмаңыз
Сіздің телефоныңыз пеймекерлер, құлақ аспаптары,
медициналық жабдықтар мен үй ішіндегі немесе
көліктердердегі басқа да электр құрылғылар сияқты
қорғалмаған немесе дұрыс қорғалмаған жабдықтарға
кедергі келтіруі мүмкін болатын радио жилігіндегі (РЖ)
сигналдарды таратады. Пайда болған кез келген кедергі
мәселелерін шешу үшін электр құрылғыларыңыздың
дайындаушылармен кеңесіңіз.
Пайдалануға қатысты
маңызды ақпарат
Телефоныңызды қалыпты күйде пайдаланыңыз
Телефоныңыздың ішкі антеннасымен байланысуға
болмайды.
Телефоныңызға тек білікті мамандардың ғана
қызмет көрсетуін қадағалаңыз
Біліксіз мамандардың телефоныңызға қызмет
көрсетуі оның зақымдануына және дайындаушы
кепілдігінің жарамсыз етілуіне әкеліп соғады.
Батареяның және заряд құрылғысының ең
жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареяны зарядтау мерзімінен ұзақ зарядтау
оның жарамдылық уақытын қысқартатындықтан,
батареяларды бір аптадан артық зарядтауға
болмайды.
Уақытынан асырылған, қолданылмаған батареялар
отырады және пайдаланылар алдында қайта
зарядтауды талап етеді.
Қолданыста болмаған кезде заряд құрылғыларын
тоқ көзінен ажыратыңыз.
Батареяларды өз мақсаттарына пайдаланыңыз.
телефоныңызды сөндіріңіз де, келесі нұсқаулықтар
алу мақсатында пейсмекер немесе медициналық
құрылғы дайындаушысымен байланысыңыз.
Ұялы телефонды жарылу мүмкіндігі бар
орталарда сөндіру
Телефонды жанармай толтыру орындарында
(қызмет көрсету станцияларында) немесе
жанармайдың немесе химиялық заттардың жанында
пайдалануға болмайды. Ескерту белгілері немесе
нұсқаулықтар пайда болған кезде, телефоныңызды
сөндіріңіз. Телефоныңыз жанармай немесе
химиялық затар қоймасының ішінде немесе маңында
және тасымал немесе жарылу қаупі жоғары
аумақтарда жарылыс немесе өрт себебі болуы
мүмкін. Жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе
жарылғыш заттарды телефон, оның құрама
бөлшектері немесе жабдықтары бар жерде
сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Қайталама әрекет бұзылуларының қаупін
азайту
Мәтінді хабарламаларды жібергенде немесе
ойындар ойнағанда, телефоныңызды бос ұстаңыз
және клавишаларды жеңіл басыңыз, басылуға
қажетті клавишалардың санын азайтатын арнаулы
сипаттамаларды пайдаланыңыз (мысалы, үлгілер
және жеңілдетілген мәтін) және жиі үзілістер жасаңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын
күтіммен пайдалану және орнату
Телефоныңызға арналып жасалған тек Samsung-
мақұлдаған батареялар мен заряд құрылғыларын
пайдаланыңыз.
Сәйкес келмейтін батареялар мен заряд
құрылғыларын пайдалану телефоныңыздың
қатты зақымдануына немесе бұзылуына әкеліп
соғуы мүмкін.
Батареяларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Қолданылған батареяларды тастау жұмыстарын
жергілікті ережелерге сәйкес жүргізіңіз.
Батареяларды немесе телефондарды қысқа
толқынды пештер, плиткалар немесе радиаторлар
сияқты жылу көзі болатын құрылғылардың үстіне
немесе ішіне қоймаңыз. Батареялар қатты қызып
кеткен жағдайда жарылуы мүмкін.
Батареяларды сындыруға немесе тесуге болмайды.
Батареяларды жоғары сыртқы қысымда жаруға
болмайды. Бұл ішкі қысқа мерзімдік түйісу және
қызып кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Пейсмекерлер кедергісінен алшақ болу
Дайындаушылар мен Wireless Technology Research
жұмысының тәуелсіз зерттеу тобы берген кеңестер
бойынша ықтимал кедергілерді болдырмау
мақсатында ұялы телефондар мен пейсмекерлер ара
қашықтығын кем дегенде 15 см етіп алыңыз.
Егер ұялы телефоныңызға пейсмекер немесе басқа да
медициналық құрылғы арқылы кедергілердің болуына
қандайда болмасын күмәніңіз болса, шұғыл түрде
SIM карталарын және жад карталарын
ұқыптылықпен пайдаланыңыз
Телефон белгілі бір ақпаратты жіберу немесе
қабылдау
барысында картаны шығарып алуға
болмайды, себебі
, бұл әрекет деректердің
жойылуына және/немесе картаның немесе
телефонның зақымдануына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық тоқтан
және басқа құрылғылардан келетін электр шуынан
сақтаңыз.
Жазу және өшіру әрекеттерінің жиі болуы жад
карталарының қолдану мерзімін қысқартады.
Алтын түсті байланыстарына немесе
терминалдарына
саусағыңызды немесе метал
нысандарын тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда,
оны жұмсақ орамалмен сүртіңіз.
Жедел қызметтерімен қатынасын тексеріңіз
Телефоныңыздан жедел қызмет шақыру кейбір
аймақтарда немесе жағдайларда мүмкін болмауы
ықтимал. Қолданыс аясынан тыс немесе дамымаған
аумақтарға саяхатқа шығар алдында жедел қызмет
қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін
жоспарлаңыз.
Салыстырмалы қабылдау көрсеткіші (SAR)
сертификаты туралы ақпарат
Телефоныңыз радио және телекоммуникация
жабдықтары шығаратын радио толқындардың
шығуын қысқартатын Еуропалық стандарттарына
сәйкес келеді. Бұл стандарттар килограммға
2,0 ваттан асатын (Салыстырмалы қабылдау
көрсеткіші (SAR) ретінде белгілі) деңгейдегі ұялы
телефондардың сатылуын алдын алады.
Тексеру кезінде бұл модельге жазылған максималды
SAR килограмға 0,412 ватт. Қалыпты пайдалануда,
SAR төмен болады, телефон тек жақын станцияға
ғана радио жиілігін шығару үшін жасалған. Төменгі
деңгейде автоматты түрде шығаруда телефон
барлық сәулені радио толқынға азайтады.
Нұсқаулықтың артқы жағындағы сәйкестік
декларациясы телефонның Еуропалық радио
және терминалды телекоммуникациялық жабдықтар
директивасына сәйкес келетінен көрсетеді. SAR
және қатысты Еуро одақ стандарттары туралы
ақпарат үшін Samsung ұялы телефон сайтын қараңыз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
лектрлік және Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ және басқа да жеке
жинақ жүйелері бар Еуропа елдеріндегі
қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе
қосымша әдебиеттегі осы таңба өнімнің
және оның электрондық керекарақтарының ысалы,
зарядтағыш құрылғысының, құлақ аспабының, USB
кабелінің) қызмет мерзімі аяқталғанда басқадай
тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы қажеттігін
білдіреді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына
зияны тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды
болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың басқа
түрлерінен бөлек айырып алыңыз да, материал
ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей
қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз
қайта өңдеуге жіберу үшін осы элементтерді қайдан
және қалай алу жолдарын оны сатып алған сауда
орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің
шығарушыларымен байланысып, сатып алу келісім-
шарттарының шарттары мен ережелерін тексеруі тиіс.
Бұл өнім және оның электрондық керек- жарақтары
басқа коммерциялық қалдықтармен қатар тасталмауы
қажет.
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Еуропа Одағы мен жеке батарея қайтару жүйелері
бар басқа еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе
орамдағы бұл таңба бұл өнімдегі батареяның
өз қызмет ету мерзімінің соңында басқа
тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы
тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі
Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы сынап,
кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО
Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып
түсетіндігін білдіреді. Егер батарея тиісінше жойылмаған
болса, бұл заттар адам денсаулығы немесе қоршаған
ортаға зиянын тигізуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін және материалдық
қайта пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа
қоқыс түрлерінен ажыратып алыңыз және жергілікті,
тегін батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта
пайдаға асырыңыз.
Сәйкестікті растау (R&TTE)
Біз,
Samsung Electronics компаниясы
Өзіміздің толық жауапкершілікпен төмендегі өнімге,
GSM жүйесінің ұялы телефоны: S3310
қатысты осы растау беріліп, төмендегі стандарттарға және басқа нормативті
құжаттарға сәйкес екендігін растаймыз.
ҚАУІПСІЗДІК EN 60950- 1 : 2001+A11:2004
ЭМС EN 301 489- 01 V1.6.1 (09-2005)
EN 301 489- 07 V1.3.1 (11-2005)
EN 301 489- 17 V1.2.1 (08-2002)
МСК EN 50360 : 2001
EN 62209- 1 : 2006
РАДИО EN 301 511 V9.0.2 (03- 2003)
EN 300 328 V1.7.1 (10- 2006)
Осымен [барлық қажетті тесттер қатары өткізіліп], аталмыш өнімнің 1999/5/EК
Нұсқаулығының барлық негізгі талаптарына сәйкестігін растаймыз.
10 Бапта аталып, 1999/5/EК Нұсқаулығының [IV] Қосымшасында сипатталған
Сәйкестігін тексеру процедурасы төмендегі Өкілетті тұлғаны (ларды) тарта
отырып өткізілді:
BABT, Balfour House, Churcheld Road,
Walton-on-Thames, Surrey, KT12 2TD, UK*
Идентификациялық белгі: 0168
Техникалық құжаттаманың сақталу орны:
Samsung Electronics QA Lab.
Оны сұрату бойынша алуға болады.
(ЕО аумағындағы өкілдік)
Samsung Electronics Euro QA Lab.
Blackbushe Business Park, Saxony Way,
Yateley, Hampshire, GU46 6GG, UK*
2009.01.22 Yong-Sang Park / Сауда менеджері
(берілген орны және күні) (өкілетті тұлғаның аты-жөні мен қолтаңбасы)
* Бұл Samsung Қызмет орталығының мекен-жайы болып табылмайды. Samsung
Қызмет орталығының мекен-жайын немесе телефон нөмірін табу үшін кепілдік
картасын қараңыз немесе телефоныңызды сатқан сатушымен хабарласыңыз.
Ішкі антенна
Vue de la page 0
1 2

Résumé du contenu

Page 1 - Пайдаланушы

Samsung S3310Printed in KoreaCode No.: GH68-21726AKazakh. 04/2009. Rev. 1.0Ұялы телефонПайдаланушы нұсқаулығыОсы нұсқаулықтағы мазмұн телефонның бағд

Page 2

Телефон құрылымыНұсқау белгішелерЕскертулер: ескертулер, қолдану кеңестері немесе қосымша ақпаратОдан кейін: қадамды орындау үшін таңдауыңыз тиіс опц

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire